«ЕО министрлері Еурокомиссияға өтпелі кезеңнің қандай бағытын ұстанатынын айқындайтын нақты мандатын ұсынды: ЕО-ның қолданыстағы құқығы Ұлыбританияда қолданылуы тиіс, олай болмаған жағдайда Лондон ЕО институттарының жұмысына қатыспайды және шешім қабылдау ісіне атсалыспайды», - деді ЕО кеңесінде Болгария СІМ басшысы Екатерин Захариева.
Осылайша, Брюссельдегілер Лондонның өтпелі кезеңде барлық қолданыстағы нормативтік, бюджеттік, қадағалаушы, сот және құқық қорғау құралдарын, сондай-ақ ЕО құрылымдарын, соның ішінде Еуропалық Одақ Сотының құзыреттілігін мойындауды жалғастырады деп үміттенеді.
ЕО позициясы бойынша өтпелі кезең нақты айқындалып, оның нақты мерзімі болуы керек және 2020 жылдың 31 желтоқсанында аяқталуы тиіс.
08:27, 30 Қаңтар 2018
ЕО Кеңесі Brexit бойынша өтпелі кезең мерзімін нақтылады
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - ЕО Кеңесі Brexit бойынша келіссөздер барысында, 2020 жылдың соңына дейін созылатын, өтпелі кезеңге қатысты көзқарастарды қамтитын қосымша директиваларды қабылдады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.