Бұл туралы дипломатиялық дереккөзге сілтеме жасаған ИТАР-ТАСС хабарлайды.
"Министрлер Белоруссияға қатысты санкция енгізу жөнінде келісімге қол жеткізді", - деп хабарлайды дипломат. Бұл туралы ресми мәлімдеме таяудағы сағаттарда жарияланады.
Алдын ала таратылған ақпарат бойынша, санкция Беларустің 158 басшылық өкіліне ЕО-ға келуге тыйым салу туралы және еуропа банктерінде табылып жатса, олардың банкілік авуарларын тоқтату жөнінде шешім қабылдайды.
"Қара тізімді" Беларус Президенті Александр Лукашенко мен оның ер жеткен ұлдары - Виктор мен Дмитрий бастап тұр. Бұрынғы беларус шенеуніктерінен ЕО-ға кіру тек Сыртқы істер министрі Сергей Мартынов пен бірінші вице-премьер Владимир Семашкоға ғана ашық.