Бұлар - осы жылы пандемияның кең етек алуына себепкер болған омикрон штамымен күресуге бейімделген вакциналар.
Сертификатталған препараттар инфекцияның әуелгі нұсқасына қарсы да тиімді екені айтылды. Сарапшылар осы вакциналар вирустың бұдан кейінгі де мутацияларынан жақсы қорғай алатынына сенім артып отыр.
Бұл препараттардың жаппай қолданылу-қолданылмауы әлі белгісіз. Еуропалық агенттік соңғы дозаны алғаннан кейін кемінде үш айдан кейін ревакцинация жүргізуді ұсынады.
Фото: AP Photo / Ariel Schalit