Жиынға Еуропалық кеңестің төрағасы Антониу Кошта жетекшілік етеді. Саммиттің алғашқы күнінде экономикалық мәселелерге басымдық берілді.
ЕО көшбасшылары энергия бағасының өсуінен халық пен бизнеске түсетін салмақты жеңілдету шараларын талқыламақ. Сондай-ақ саммитте ЕО-ның көпжылдық қаржы жоспары сөз болып, Ирландия төрағалығы ұсынған бастамаға қатысты келіссөздерге ерекше назар аударылды.
Саммиттің екінші күнінде Украина президенті Владимир Зеленский қатысады деп жоспарланған. Бұған қоса, Еуропаның қорғанысы мен қауіпсіздігі, көші-қон, Еуропа одағының кеңеюі және Таяу Шығыстағы жағдай талқыланады.
Саммит геосаяси ахуал шиеленіскен тұста өтіп жатыр. Онда ЕО елдері ішкі және сыртқы саясаттағы өзекті мәселелер бойынша ортақ ұстаным қалыптастыруға күш салады.
Бұған дейін ЕО сауда соғысына жылдам тойтарыс беру жолдарын қарастырып жатқаны хабарланған болатын.