Жоғары деңгейдегі кездесу қорытындылары бойынша өткен баспасөз мәслихатында ЕО Кеңесінің төрағасы Херман Ван Ромпей ЕО көшбасшылары 2014-2020 жылдарға арналған қысқартылған бюджет жоспарын шығындар бойынша 959 миллиард еуро және кірістер бойынша 908 миллиард еуро мөлшерінде бекіткенін атап өтті. "Тарихта алғаш рет бюджет жоспары өткен жеті жылғы кезеңдегіден аз болып келісілді", - деп атап өтті ЕО Кеңесінің басшысы.
Сөйтіп, жаңа бюджет көлемі кіріс бойынша да, шығыс бойынша да 44 миллиард еуроға қысқарды.
"Ол ешкімге де мінсіз емес, бірақ та ол нақты, болашаққа бағдарланған және біздің мазасыздануымызға жауап береді", - деп атап өтті ЕО басшысы.
Х.Ромпейдің айтуынша, қысқартуларға қарамастан, ЕО-ның жаңа жетіжылдық бюджетінде инновацияларға, энергия жобаларына және жастар мен студенттерді қолдауға қаражат ұлғайтылатын болады.
Сонымен қатар, ЕО басшысы ЕО бюджеттік жоспары бойынша келіссөздер әлі аяқталмағанын атап өтті. Енді ЕО Кеңесі министрлер деңгейінде қарап, саммит ұстанымын жалпы құжатқа айналдырып, Еуропарламенттің қарауына береді.
Өз кезегінде саммит қорытындысына түсініктеме бере отырып, Еуропарламенттің барлық негізгі фракциялары саммит шешімін Еуроодақ пен осы бірлестік азаматтарының мүдделеріне сай келмейді деп санайды.
"Бұл келісім еуропалық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін күшейтпейді, қайта оны әлсіретеді. Бұл еуропалық азаматтардың бірінші кезектегі мүдделеріне сәйкес келмейді. Еуропалық парламент Еуроодақ Кеңесіінің қазіргі уағдаластығын бұл күйінде қабылдай алмайды. Х.Ромпей соңғы айларда бізбен келіссөздер жүргізбегеніне өкінеміз", - деп атап өтілген еуропалық заңшығару органы фракциялары көшбасшылары таратқан мәлімдемеде.
Сондықтан да Еуроодақтың жаңа бюджеті Еуропарламентте бекіту рәсімінен өтуі тиіс болғандықтан, алдағы жеті жылға арналған бюджет жоспары бойынша пікірталастар аяқталды деп айтуға әлі ертерек.