ЕО мен одақтастар Украинаға қолдау көрсетуге дайын: 19 тамызда видеоконференция өтеді
АСТАНА. KAZINFORM — Германия канцлері Фридрих Мерцтің мәліметінше, Астана уақытымен сағат 16:00–де Еуропалық кеңестің арнайы отырысы өтеді. Онда қатысушылар Вашингтондағы кездесулер барысында жүргізілген талқылаулардың барысы туралы ақпаратпен бөліседі, деп жазды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі ТАСС-қа сілтеме жасап.
Мерцтің айтуынша, барлығы 32 мемлекет Украинаға қосымша көмек көрсетуге дайын екенін білдірген. Ол сондай-ақ АҚШ президенті Дональд Трамп пен Украина президенті Владимир Зеленскийдің Ақ үйдегі кездесуі өте жақсы өткенін атап өтті.
— Кездесу өте еркін атмосферада өтті. Біз алдағы күндер мен апталарда тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға және бір-бірімізбен одан әрі кездесулер өткізуге уағдаластық. Бұл — бірнеше кездесулер тізбегі болды. Біз осы басталып кеткен бастаманы табысты аяқтау үшін алдағы күндер мен апталарда өте тығыз байланыста болуға келістік. Алда әлі көп жұмыс тұр, бірақ біз оны орындауға белімізді бекем будық, — деді Мерц дүйсенбі күні Ақ үйде өткен келіссөздерден кейін журналистерге.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ақ үйде Трамп, Зеленский және еуропалық көшбасшылар арасында көпжақты кездесу өткен болатын. Кездесудің қалай өткені туралы толық ақпаратты жоғарыда оқуға болады.
Бұл материал Kazinform агенттігіне ТАСС серіктестік негізінде ұсынған.
Еске сала кетейік, бұған дейін Трамп пен Путин Зеленскиймен келіссөзден кейін не туралы сөйлескенін жазған едік.