ЕО мессенджерлердегі чаттарды міндетті бақылаудан бас тартты

Фото: РИА Новости

АСТАНА. KAZINFORM — Еуроодақ WhatsApp және Signal сияқты мессенджерлерді пайдаланушылардың жеке хаттарын автоматты түрде тексеруге міндеттеуден бас тартты, деп хабарлайды Bild.

Еуропалық Одақ мессенджерлерді пайдаланушылардың жеке хаттарын, балалар порнографиясын автоматты түрде бақылау жоспарын қайта қарады. Оның ішінде WhatsApp және Signal қолданбалары да бар.  

Брюссельдегі дипломаттардың айтуынша, бұл жоспар көптеген елдердің, соның ішінде Германияның қолдауына ие бола алмады. Сондықтан күн тәртібінен алынып тасталды.

Еуропалық комиссияның 2022 жылы ұсынған бастамасында барлық интернет-платформалар жеке хабарламаларды сканерлеп, күдікті мәтіндер туралы автоматты түрде есеп беруі керек деп болжаған.

Германия, Австрия және Нидерланды бұл ұсынысқа қарсы шығып, оны «жеке өмірге қауіп» деп атады. 

Ымыраға келетін шешім жалғыз шешім — қазірдің өзінде бар ерікті бақылауды сақтау. Мәселен, компаниялар балаларға қатысты зорлық-зомбылық деректерін дербес анықтап, билікке хабарлай алады.

Бұған дейін Еуропалық Одақ танымал мессенджерді реттеуді күшейтетінін жариялаған болатынбыз.