«ЕО азаматтық халқын қорғау тетігі арқылы Италия, Франция, Германия, Литва, Дания, Португалия, Польша және Аустрияның 7 өрт сөндіру ұшағы, 7 тікұшақ, 60 автомобиль мен 340-тан астам адам тартылды», - деп хабарлады ЕК.
Еуропадағы ыстық ауа райы Швецияда өрттің шығуына себеп болды. Өрт сөндірушілер орман өртінің ондаған ошағын бақылауға алуға тырысып жатыр. Өткен аптада швед билігі ЕО-дан табиғи апатпен күресуге көмектесуін сұраған еді.