Арнайы өкілдің басты міндеті - аймақта бейбітшілік орнауына, екі мемлекет: Израиль мен Палестинаның бейбіт қатар өмір сүруін қамтамасыз етуге, сондай-ақ израиль-сирия және израиль-ливан жанжалдарын реттеуге жәрдемдесу. Ол сондай-ақ араағайындардың «таяушығыстық төрттігінде» ЕО өкілі болмақ.
Андреас Рейнике қазіргі кезде Германияның Сириядағы елшісі - 25 жылдам астам дипломаттық тәжірибесі бар, оның көп бөлігі Таяу Шығыста өтті. А.Рейнике қызметіне 2012 жылғы 1 ақпанда кіріседі. Оның мандаты 2013 жылғы 30 маусымға дейін созылады.