ЕО өкілі Астана процесіне қатысады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуропалық одақ өкілі Астанада өтетін сирияаралық келіссөздерге (Астана процесі) қатысатын болады. Бұл жайында ҚазАқпараттың Брюссельдегі арнаулы тілшісі Тимур Дүйсекеев хабарлады.

«Мен Еуропалық одақтың Астанада ресми тұлғасының болатындығын растай аламын», - деді ЕО-ның ресми өкілі Набила Массрали Брюссельде өткен брифинг барысында.

Дегенмен, ол Астанада өтетін Сирия  келіссөздеріне  (Астана процесі) нақты кімнің баратындығын айтқан жоқ.

«Барлығы анықталғаннан кейін хабарын береміз. Әзірше нақты кім баратындығы айқын емес», - деп атап өтті ЕО-ның ресми өкілі.