ЕО пен ҚР арасындағы визалық режимді жеңілдету үшін жолдарды таба аламыз - Еуропарламенттің ОА бойынша делегациясының басшысы П.Бартолоцци

БРЮССЕЛЬ. 29 қаңтар. ҚазАқпарат - «Біз ЕО пен ҚР арасындағы визалық режимді жеңілдету үшін жолдарды таба аламыз», - деп жауап берді қазақстандық журналистердің ЕО және ҚР арасындағы визалық режимді жеңілдету болашағы жайында қойған сұрағына Еуропарламенттің Орталық Азия бойынша делегациясының басшысы Паоло Бартолоцци ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовпен болған кездесудің соңында.

Оның айтуынша, ҚР СІМ-нің басшысымен болған келіссөздердің барысында серіктестік пен ынтымақтастықты нығайту мәселелері, сондай-ақ тараптар арасындағы мәдени, коммерциялық және сауда айырбастарын кеңейту мәселелері талқыланды. Бұған ЕО пен ҚР арасындағы визалық режимді жеңілдету септігін тигізеді.

Сонымен қатар ЕП-тің ОА бойынша делегациясының басшысы визалық режимді жеңілдету - ЕО-ға мүше болып табылатын 27 мемлекет, сондай-ақ Шенген келісімдеріне қатысушылар арасындағы келісушілікті талап ететін өте күрделі әрі кешенді мәселе екенін атап өтті. П.Бартолоцци онымен қоса бұл мәселенің шешілетініне сенімін білдірді.