ЕО пластикалық пакеттерге тыйым салмақ
14:22, 18 Сәуір 2014
АСТАНА. ҚазАқпарат - Супермаркеттерде біз тамақ салатын пакеттерді пайдалануға тыйым салынуы мүмкін, деп жазады 24.kz.
Еуропалық Одақ парламенті осы мәселені дауысқа салмақ. Оның себебі, пластикалық пакеттер мен полиэтиленді пакеттердің құрлық пен көптеген елдерде көлдер мен суларды ластайтындығында. Жұқа пластикалық қапшықтар мұхиттарда балық пен табиғатқа зиянды, соған байланысты ЕО пластикалық пакеттерді пайдалануды қысқартқысы келеді.
ЕО-ға мүше елдер шешім күшіне енгеннен кейін үш жыл ішінде пластикалық пакеттерді пайдалануды 50 пайызға, бес жыл ішінде 80 пайызға дейін қысқартпақ. Табиғатты ластаушы пластикалық пакеттер көптеген елдерде өзекті мәселеге айналып отыр. ЕО-ның он бір елі өзлерінің пластикалық қалдықтарының көп бөлігін жерге көмеді.