ЕО Ресейге Краснодар өлкесіндегі қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты

БРЮССЕЛЬ. 10 шілде. ҚазАқпарат - Еурокомиссияның төрағасы Жозе Мануэль Баррозу Ресей Президенті Владимир Путинге жеделхат жіберіп, онда Краснодар өлкесіндегі қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты.

«Көп адамның өмірлерін қиып әкеткен Краснодар өлкесіндегі тасқынның қайғылы салдары туралы ақпаратты үлкен күйзеліспен естідім. Еурокомиссия және өзімнің атымнан Сізге және Ресей халқына, қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтуға рұқсат етіңіз», - делінеді Ж.Баррозудың жеделхатындағы мәтінде.