Brent мұнайының ресми бағасы InterContinental Exchange Futures Europe (IСE Futures Europe) электрондық тауар биржасында 2011 жылы 24 қазанда өткен сауда қорытындысы бойынша 1,89 долларға көтеріліп, барелліне 111,45 долларды құрады.
WTI (Light Sweet) мұнайының ресми бағасы Нью-Йорктегі New York Mercantile Exchange (NYMEX) жедел сауда биржасында 2011 жылдың 24 қазанындағы сауда қорытындысына сәйкес 3,87 долларға көтеріліп, барреліне 91,27 долларды құрды, деп жазады РБК.