ЕО Сербияға 20 млн. еуро көлемінде көмек көрсетеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сейсенбіде ел астанасы Белградта Сербиядағы ЕО делегациясының басшысы Майкл Девенпорт Сербияға өткен жылы мамырда елдің су тасқынынан зардап шеккен бөлігін қалпына келтіру үшін 198 млн. еуро көмек көрсететінін мәлімдеді.

Бұл туралы ТАНЮГ агенттігі хабарлады.

М. Девенпорт атап өткендей, ЕО бұдан бұрын Сербияға апаттан кейін қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге өзінің арнайы қорынан 60 млн. еуро бөлуді шешкен болатын. Статистикаға сәйкес, 2000 жылдан бастап қазірге дейін ЕО Сербияға көмек ретінде жалпы 3 млрд. еуро бөлген.

Оның айтуынша, биыл ЕО-ға Сербияның кіру мәселесі бойынша келіссөздердің жаңа кезеңі басталмақ.

Сербия 2009 жылы желтоқсанда ЕО-ға кіруге өтінім бергенін атап өткен жөн. 2014 жылғы қаңтарда Сербияның ЕО-ға қосылуы мәселесі бойынша келіссөздер басталды.