Сенбі күні «Корощин» бақылау-өткізу бекетіндегі көлік кептелісі 80 шақырымға созылды, кейбір жүк көліктері шекарада 30 сағаттан астам уақыт тұрып қалды.
Сонымен қатар, Латвия мен Литваның шекараларында жүк көліктерінің ұзын-сонар кезегі тіркелген. Бірақ Литва билігі тұрып қалған жүк көліктерінің өтуіне белгіленген мерзімнен кейін де рұқсат беретінін айтты.
Сәуір айының басында Еуроодақ Ресейге қарсы санкциялардың бесінші пакетін мақұлдаған болатын. Оның ішінде ресейлік және беларусь көлік тасымалдаушыларының ЕО аумағында жүруіне де тыйым салынған. ЕО-да тек азық-түлік, дәрі-дәрмек, пошта және энергия тасымалдаушы көліктерге жүруге рұқсат етілген.