«Министрлер кездесуді 2017 жылдың бірінші жарты жылдығына арналған жоспарлар бойынша пікір алмасудан бастайды», - деп хабарлады ЕО Кеңесінің баспасөз қызметінен.
Одан әрі министрлер, Сириядағы ахуал бойынша өздері соңғы рет (2016 жылдың 12 желтоқсаны) пікір таластырған және Еуроодақ саммитінде ЕО көшбасшылары талқылаған уақыттан бергі (2016 жылдың 15 желтоқсаны) жағдайдың өзгеруін тілге тиек етпек.
16 қаңтарға әзірленген ЕО Кеңесінің материалдарында ол уақыттан бері Сириядағы әскери қақтығыстарды тоқтату жарияланғаны, сондай-ақ Сириядағы зорлық-зомбылықты тоқтату және саяси процеске ауысу бойынша Ресей мен Түркияның күш-жігеріне қолдау білдіруге бағытталған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2016 жылғы 31 желтоқсандағы 2326 қарары қабылданғаны туралы айтылатын болады.
Түскі ас кезінде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2334 қарары мен Париж конференциясы шеңберінде Таяу Шығыстағы бейбітшілік процесті талқылау жоспарланған (2017 жылдың 15 қаңтары).
Әңгіме Таяу Шығыста әділетті әрі мызғымас бейбітшілікке қол жеткізу жолдары және палестиналық, израильдік мемлекеттердің өмір сүруін қамтамасыз ету турасында өрбитін болады