ЕО СІМ басшыларының шұғыл кездесуінде Мысырдағы жағдай талқыланады

БРЮССЕЛЬ. 16 тамыз. ҚазАқпарат - Еуроодаққа мүше 28 мемлекеттің сыртқы істер министрлері деңгейіндегі ЕО кеңесі жақын күндерде Мысырдағы жағдай бойынша ортақ ұстанымға келу үшін шұғыл кездесу өткізеді.

Бұл туралы ЕО-ның сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Кэтрин Эштонның баспасөз қызметі хабарлайды.

Дүйсенбі 19 тамыз күні Брюссельде Одақтың барлық елдерінен тұрақты өкілдер дейгейінде ЕО кеңесінің техникалық отырысы өтеді. Онда министрлер кездесуінің күні белгіленеді және Египеттегі жайдай туралы алдын ала пікір алмасу өтеді.

ҚазАқпарат бұрын хабарлағандай, ЕО-ның сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі К.Эштон Египеттегі шиеленістің барлық тараптарын ұстамдылық танытуға және қалыпты саяси келіссөзге оралуға шақырды.