ЕО үкіметтерге қорғаныс несиелерін ұсыну жоспарын алға тартып отыр
АСТАНА. KAZINFORM – Еуропалық комиссия президенті Урсула фон дер Ляйен бейсенбі күні Еуроодақтың төтенше саммитінде талқыланатын Еуропалық Одақтың бұрын-соңды болмаған қорғаныс шаралары пакеті туралы жариялады.
Сейсенбіде, ЕО-ның 27 ұлттық көшбасшысы Брюссельде шұғыл жиналыс өткізетін ЕО саммитіне екі күн қалғанда сөйлеген сөзінде Еурокомиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйен үкіметтер алдағы бес жылда қарыз түрінде 150 млрд еуро алу мүмкіндігіне ие болуы керек екенін мәлімдеді.
Оның айтуынша, бұл хабарландыру алдағы жылдары 800 млрд еуроға дейін қосымша қорғаныс шығындарын ашу үшін «Еуропаны қайта қаруландыру» жоспарының бір бөлігі болды.
— Біз маңызды және қауіпті кезеңде өмір сүріп жатырмыз. Мен үшін біз тап болып жүрген қауіптердің ауырлығын немесе егер бұл қауіптер орындалса, біз бастан кешуге тура келетін жойқын зардаптарды сипаттаудың қажеті жоқ. Мәселе бұдан былай Еуропаның қауіпсіздігіне нақты қатер бар ма немесе Еуропа қауіпсіздігі үшін үлкен жауапкершілікті өз мойнына алуы керек пе дегенде емес. Шындығында, біз бұл сұрақтардың жауабын көптен бері білеміз. Біздің алдымызда тұрған нақты сұрақ — Еуропа жағдай талап ететіндей батыл әрекет етуге дайын ба, — деп атап өтті Урсула фон дер Ляйен.
«Еуропаны қайта қаруландыру» жоспары 5 әрекетті қамтиды:
* Ұлттық үкіметтерге бюджетті қорғанысқа жұмсайтын болса, ЕО тапшылығы шегінен асыруға рұқсат беру;
* Шығындарды ЕО-ның бірлескен сатып алуларымен біріктіру;
* ЕО бюджетін (біріктіру қорлары) қорғаныс шығындары үшін пайдалану;
* ESIU және Еуропалық инвестициялық банк арқылы жеке қаржыны жұмылдыру.
Айта кетелік Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының (БХӨЖ) баспасөз хатшысы Лоу Циньцзянь Қытай мен Еуропалық Одақ (ЕО) арасында түбегейлі мүдде қақтығысы да, бітіспес геосаяси қайшылық та жоқ екенін мәлімдеген еді.