18:32, 14 Сәуір 2009
ЕО Жоғарғы өкілі АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысымен кездеседі
БРЮССЕЛЬ. Сәуірдің 14-і. ҚазАқпарат /Ержан Оспанов/ - Сейсенбіде Еуроодақтың бірлескен сыртқы саясат және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Хавьер Солана Америка Құрама Штаттарына сапармен барады, онда Вашингтон мен Нью-Йоркте болады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Х.Солананың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Америкада еуропалық дипломат АҚШ Мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонмен, қорғаныс министрі Роберт Гейтспен, ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесші Джеймс Джонмен және басқа да америка әкімшілігінің мүшелерімен кездеседі. Нью-Йоркте БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунмен келіссөздер жүргізеді.Кездесу барысында ағымдағы мәселелер, оның ішінде Батыс Балқандағы және Таяу Шығыстағы жағдайлар талқыланады. Бұдан басқа Ауғанстан мен Пәкстан, Иран және Сомали, Дарфур және Конго Демократиялық Республикасына қатысты халықаралық мәселелер де талқыланбақ.