Дүйсенбі күні кешке болған бұл кездесу екі сағатқа жуық уақытқа созылды. ВВС-дің жазуынша, Кэтрин Эштон аталған диалог қайда өткенін нақтылап айтпаған.
Мурси 3 шілдеде президенттік лауазымнан шеттетілгеннен кейін қамауға алынды. Осының алдында елде бірнеше апта бойы жаппай наразылық жүріп жатты.
Белгілі болғандай, дүйсенбіде Эштон Мысырдың уақытша үкіметінің мүшелерімен де жүздескен.