ЕО америкалық Apple компаниясына 1,84 миллиард еуро айыппұл салды

Фото: Фото: Euronews

АСТАНА. KAZINFORM — Брюссель корпорацияны iPhone және iPad пайдаланушылары үшін музыка ағыны нарығындағы үстем жағдайын теріс пайдаланды деп айыптайды, деп жазады Еuronews.

Монополияға қарсы тергеу жүргізуге Spotify швед сервисінің App Store комиссиясына байланысты ай сайынғы жазылу құнын көтеру қажеттілігі туралы шағымы себеп болды.

«Apple әзірлеушілердің пайдаланушыларға өзінің экожүйесінен тыс музыканы сатып алудың арзан нұсқалары туралы хабарлау мүмкіндігін заңсыз шектеді», — деп жазды бәсекелестік жөніндегі Еуропалық комиссар Маргрете Вестагер X әлеуметтік желісінде.