ЕО сыртқы істер министрлері Орталық Азиядағы әріптестерімен кездеседі

АСТАНА. KAZINFORM — ЕО сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Кая Каллас бүгін Еуропа астанасында ЕО сыртқы істер министрлері Орталық Азия, Оңтүстік Кавказ және Қара теңіз аймағындағы әріптестерімен кездесетінін мәлімдеді.

Фото: Anadolu

Оның айтуынша, кездесу Қара теңіз қауіпсіздігі және байланыстарды одан әрі дамыту мәселелеріне арналады.

— Барлық ел энергетикалық портфелдерін, сауда жолдарын және жеткізу тізбектерін әртараптандыруға әрекет етіп келеді. Біз бірге тағы не істей аламыз? — деп атап өтті Каллас министрлердің қатысуын құптап.

Кездесу ЕО Сыртқы істер кеңесінде өтеді, оған ЕО-ға мүше 27 мемлекеттің сыртқы істер министрлері қатысады.

Бүгін Орталық Азия елдерінің, соның ішінде Қазақстан, сондай-ақ Оңтүстік Кавказ, Молдова, Түркия және Украинаның өкілдері қатысады деп жоспарланып отыр. Кездесуде көлік және логистикалық байланыстарды, энергетикалық қауіпсіздікті және Транскаспий халықаралық көлік бағыты аясындағы цифрлық дәліздерді нығайтуға баса назар аударылады.

Сыртқы істер кеңесінің күн тәртібінде Сирия мен Таяу Шығыстағы жағдайды, сондай-ақ Украинаға қатысты мәселелерді талқылау да бар.

Кая Каллас ЕО Сириямен қарым-қатынасын басқа Жерорта теңізі елдерімен қарым-қатынасына ұқсас серіктестік деңгейіне көтеруді көздеп отырғанын атап өтті.

Бұған дейін Еуропа одағының көшбасшылары Дублинде ЖИ мәселесін алғаш рет талқылағанын хабарлаған едік.