Эпидахуалады бағалау матрицасы: Үш облыс қана «қызыл» аймақта тұр
08:30, 10 Қараша 2021
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомстваралық комиссиясы 10 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қызыл» аймақта: Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары.
«Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Қарағанды облыстары.
«Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары.