Эпидахуалды бағалау матрицасы: Ақмола облысы «сарыдан» «қызыл» аймаққа өтті
08:11, 09 Желтоқсан 2021
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы 2021 жылғы 9 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оған сәйкес:
«Қызыл» аймақта: Ақмола облысы.
«Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары.
«Жасыл» аймақта: Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары.
Айта кетейік, Ақмола облысы кеше «сары» аймақта тұрған болатын.