«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе Маңғыстау, Қарағанды, Қызылорда облыстары.
«Сары» аймақта: Ақмола, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қостанай облыстары.
«Жасыл» аймақта: Алматы, Түркістан, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан облысы, Шығыс Қазақстан облыстары.
Айта кетейік, бүгін «қызыл» аймаққа кірген Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда, Қарағанды облыстары кеше 12 қаңтарда «сары» аймақта тұрған болатын. Сондай-ақ кеше «жасыл» аймақта тұрған Ақмола, Қостанай облыстары «сары» аймаққа өтті.