Соңғы екі аптада алматылық эпидемиологтар жүргізген талдау нәтижелері бойынша ең көп сырқаттану еңбекке қабілетті жастағы адамдар арасында тіркелген.
«14 жасқа дейінгі балалар арасында ауру көрсеткіші 3,3%-ға өсті. Бұл мектептер мен отбасылардағы инфекциялардың салдары. Көбінесе 20-39 жастағы азаматтар коронавирус инфекциясын жұқтырады, олардың үлесі - 28%, 40-59 жасында - 22% және 60 жастан асқан адамдар - 23%», - деді Әсел Қалықова.
Сонымен қатар ол инфекцияны тежеу қиын болғанымен, тиісті шаралар мен өзін-өзі тәрбиелеу орындалса, вирустан сақтануға болады деген ойда. Ол үшін азаматтар әлеуметтік қашықтықты сақтап, жеке қорғаныс құралдарын қолданып, адамдар көп жиналатын жерлерге бармауы қажет.
Эпидемиолог сондай-ақ Алматыда коронавирус инфекция тарайтын ықтимал орындарды атады.
Мысалы, сауда орындарында инфекцияны жұқтыру 3%-ға, азық-түлік бөлшек сауда желілерінде, супермаркеттерде - 2,5%-ға, азық-түліктік емес дүкендерде - 1,7%-ға, метрода - 0,6%-ға, қоғамдық тамақтану орындарында - 0,8%-ға, монша-сауналарда - 0,5%-ға көтерілген. Сонымен қатар дәріхана, медициналық мекеме, банк, пошта, демалыс саябақтары сияқты нысандарда 0,1%-ға өскен.
«Бүгінде инфекцияны жұқтыратын негізгі орындары сауда нысандары - 35%, қоғамдық көліктер - 19%, отбасылармен байланыс - 18,4%, базарлар - 9%», - деді ол.
Бұған дейін ол Алматыда қазан айында КВИ жұқтырушылар саны тәулігіне 40-қа дейін төмендейтінін болжады.