Эпидемиологиялық ахуал: 8 өңір «қызыл» аймақта

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 11 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары.

«Сары» аймақта : Алматы, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстары.

«Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары.

Айта кетсек, 10 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасымен салыстырғанда айтарлықтай өзгеріс жоқ.