«Осы жылдың сәуір айында эпидемиологиялық жағдайдың нашарлап кеткені байқалады. Мәселен, сәуір айының 11 күнінде наурыз айының дәл осындай кезеңімен салыстырғанда коронавирус инфекциясының 24 955 жағдайы тіркелді. Науқастану өсімі 3 есе артып отыр. Тәулігіне 2 800-ге дейін науқас тіркеледі. Қостанай мен Түркістан облыстарын қоспағанда Қазақстанның барлық өңірінде ауру өсімі байқалады», - деді министр Үкімет отырысында.
Алексей Цойдың дерегінше, инфекциялық төсек-орындардың прогрессивті жоғары бос еместігі Алматы облысында, Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында байқалады.