Ресейдің жаңа ауруға қарсы күрес жүргізу бойынша жедел штаб мәліметінше, ауруға шалдығу жаңа оқиғаларының өсімі 0,2 пайызды құраған.
Коронавирустан емделіп шыққан адамдардың саны тәулік ішінде 10 880-ге көбейіп, 4 120 161 адамды құрады. Штаб мәліметінше, сауығып шыққандардың үлесі ауру жұқтырғандардың жалпы санының 91,5 пайызы деңгейінде қалған.
Ресейде COVID-19 вирусынан қайтыс болғандар саны бір тәуліктің ішінде 405 адамға өскен (бір күн бұрын – 393 адам). Инфекциядан барлығы
97 017 пациент қайтыс болды. Штаб мәліметінше, өлім деңгейі 2,16 пайызға дейін өскен.
Қазіргі кезде Ресейде 284 681 адам ем жалғастырып жатыр.