«Vademecum» сайтының хабарлауынша, робот мидағы зақымдалған бөлікті анықтауға көмектесіп, кейіннен хирургиялық жолмен алынды.
Тырысқақ ұстамалардың болуына мидың осы бөлігі жауап береді. Робот микроскопиялық дәлдікпен имплантациялауға көмектесті.
Робот-хирург қатысқан соңғы ота жасалған сәттен бері екі аптаға жуық уақыт өтті. Осы уақытта жасөспірімде бірде-бір ұстама болмаған.
Дәрігерлер оның толық сауығып кетуінен үмітті. Бұл ота өте қымбат болғандықтан көптеген пациенттер үшін әзірге қолжетімсіз.