EPSI Rating Кaspi bankті қазақстандық банктер арасында клиенттердің қанағаттану индексі бойынша көшбасшы деп танылды

None
АЛМАТЫ. 21 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - EPSI Rating (Тұтынушылардың қанағаттануының жалпы еуропалық индексін өлшеу жөніндегі тәуелсіз жоба) зерттеуі бойынша «Kaspi bank» АҚ клиенттерінің қанағаттануы 81,5 балл деңгейіне жеткен Қазақстандағы жалғыз банк болып отыр.

Қазақстанда банк тұтынушыларының өткен жылғы қанағаттану индексі 76,1 балл деңгейінде өзгеріссіз қалған. Зерттеуде 2011 жылғы деректердің кеңінен талдануы сала бойынша орта есеппен тұтынушылардың қызмет көрсету сапасының жақсарғанын сезгені көрсетілетіні айтылады. Атап айтқанда, қызмет көрсету сапасына қанағаттану индексі сала бойынша орта есеппен 3,3 пайызға өсті.

«Әзірге Қазақстанның ірі банктері өз клиенттеріне ненің керек екенін бүге-шүгесіне дейін түсіне бермейді. Олар қызметкерлердің сыпайылығы мен жылы шырай танытуларын жақсартады, банк бөлімшелерін жөндеуден өткізіп, жұмыс сағаттарын өзгертеді. Алайда тұтынушыларға мұның қажеті жоқ», - дейді EPSI-дің ТМД елдеріндегі бас директоры Александр Кособоков. Оның айтуынша, kaspi bank тұтынушылардың қанағаттану индексінің өсімін (81,5%) ғана көрсетіп қойған жоқ. Қаржы институтының клиенттерінің адалдық индексі одан да жоғары 82,6 балл болып отыр.