Ер адам 6 метрлік биіктіктен құлады - Астана
09:01, 22 Сәуір 2013
АСТАНА. 22 сәуір. ҚазАқпарат - Астана қаласының Есіл ауданында «Фэмели Виладжи» коттедж қалашығында сенбі күні ер адам құрылыс жұмыстарының барысында 6 метрлік биіктіктен құлады.
32 жастағы үй төбесін жабушы дереу ауруханаға жеткізілген. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлап отыр.