ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында ағайынды екі адам Жайық өзеніне батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, қайғылы оқиға 2 тамыз күні Теректі ауданы Ақжайық ауылында болды.
«Сағат 16.30-да жабдықталмаған және тыйым салынған жерден түсіп, шомылған 35 жастағы ер адам мен 7 жастағы жасөспірім Жайық өзеніне батып кеткен. Жедел құтқару жасағы келгенге дейін ер адамның денесін жергілікті тұрғындар алып шықты. Құтқарушылар (8 адам, 2 техника, 2 жүзу құралы) жасөспірімнің денесін іздестіріп жатыр. Марқұмдар бір-біріне туыс, 1987 жылғы ер адам ағасының баласын құтқарамын деп суға кеткен. Осымен өңірде 15 адам суға кетсе, соның алтауы – балалар», деп хабарлады ведомстводан.
БҚО ТЖ департаменті суда қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керектігін тұрғындар есіне салады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да 7 сағаттан кейін есін жиған жас жігіттің судан құтқарылғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).