Жөндеу жұмыстарын жүргізіп жүрген 52 жастағы америкалық Дуг Бергесон абайсызда шегеқаққыш пистолетімен өзін атып алды. Ол не болғандығын киімін шешкеннен кейін, жүрек тұсындағы тоғыз сантиметрлік шегені көргеннен соң ғана түсінді.
«Шеге әрбір жүрек қағысымен қоса дірілдеп тұрды», - дейді ол.
Оқиға Бергесонды аса шошыта қойған жоқ. Ол жуынып, көлігіне отырып, жақын жердегі ауруханаға жетіпті.
Бергесонды қараған дәрігер оның денесіндегі шегені өз бетімен алып тастамағаны үшін мақтады.