Қайғылы оқиға Токиодан 100 шақырым қашықтықта солтүстікте орналасқан Хитати қаласында болған. Газет берген ақпараттарға сүйенсек, мерт болған балалар үш жастан он бір жасқа дейін болған. «Жедел жәрдем» балалардың бірін ауруханаға жеткізген, бірақ өкінішке қарай, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.
Полицияның мәлімдеуінше, 30 жастағы ер адам үйге қасақана өрт қойғанын айтқан. Алайда оның себебі әзірге белгісіз күйінде қалып отыр.