Ер адам балаларын құтқарып, өзі Есілге батып кетті

Фото: None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында бір аптада үш адам суға кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметініңмәлімдеуінше, Есіл ауданында жантүршігерлік оқиға болған. Есіл өзенініңжағасында демалып жатқан отбасының 14 және 16 жастағы екі қызы 9 жасар туысыменсельфи түсірмек болады. Бір кезде қуатты толқын оларды ағызып әкетеді. Қыздардың45 жастағы әкесі суға күмп беріп, балаларын құтқарады. Алайда өзі өзенніңадуынды толқынынан шыға алмай, батып кеткен.

Аққайың ауданында 69 жастағы ер адам балықаулаймын деп суға кеткен. Араға екі күн салып, Қызылжар ауданында да осындайоқиға қайталанды. Бұл жолы 31 жастағы ер адам қаза тапқан.

Олардың денелерін құтқарушылар судан шығарыпалған.

Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарданрұқсат етілмеген жерде, мас күйде, арнаулы шомылу құралдарынсыз шомылмауын,қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.

Автор: Олеся Жуковень

Соңғы жаңалықтар