Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, электросамокат айдаған ер адам 19 жастағы қызды қағып кеткен. Бұл істі Алмалы аудандық ПБ тергеуге алған.
«Полиция болған оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалады. Соған сәйкес процессуалды шешім қабылданады», - делінген хабарламада.