ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес Қазақстанның 24 жастағы азаматы алты центнер футболка алып өтпек болған. Ол Халықаралық шекара ынтымақтастығы орталығынан Қазақстанға бет алған.
Осы күні 27 жастағы қазақстандық «Samsung» маркалы 15 ұялы телефонды шекарадан заңсыз өткізбекке әрекеттенген. Ол да Халықаралық шекара ынтымақтастығы орталығынан Қазақстанға өтпек болған. Гаджеттер жүксалғыштан табылды.
Барлық факті бойынша бірлесе іс-қимыл жасайтын органдар қызметкерлері хабардар етілді.