Ер адам мен әйел иіс тиіп уланып көз жұмды, тағы екі адам ауруханаға жеткізілді - ҚР ТЖМ
08:08, 24 Қаңтар 2013
АСТАНА. 24 қаңтар. ҚазАқпарат - Ер адам мен әйел иіс тиіп уланудың салдарынан көз жұмды, тағы екі адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.
Кеше Талдықорғанда «Үйтас» саяжай бірлестігінде Мраморная көшесінің бойында орналасқан №3 үйде пештің ақауы салдарынан екі адам иіс тиіп уланды. 1978 жылғы ер адам оқиға орнында көз жұмды, 37 жастағы әйел ауруханаға жеткізілді.
Сәрсенбі күні Қызылорда облысының Қазалы қаласында Қыстауова 11 көшесінің бойында орналасқан жекеменшік үйде пештің ақауы салдарынан екі адам иіс тиіп уланды. 60 жастағы зейнеткер оқиға орнында мерт болды, 1987 жылғы әйел ауруханаға жеткізілді.