Кеше Талдықорғанда «Үйтас» саяжай бірлестігінде Мраморная көшесінің бойында орналасқан №3 үйде пештің ақауы салдарынан екі адам иіс тиіп уланды. 1978 жылғы ер адам оқиға орнында көз жұмды, 37 жастағы әйел ауруханаға жеткізілді.
Сәрсенбі күні Қызылорда облысының Қазалы қаласында Қыстауова 11 көшесінің бойында орналасқан жекеменшік үйде пештің ақауы салдарынан екі адам иіс тиіп уланды. 60 жастағы зейнеткер оқиға орнында мерт болды, 1987 жылғы әйел ауруханаға жеткізілді.