РФ тергеу комитетінің Мәскеу бойынша тергеу мекемесінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 18 қазанда кешке Электрозаводской көшесі бойындағы иесіз ғимаратта айыпталушы бөтелкелестерімен ішімдікке сылқия тойғаннан кейін бұрыннан таныс ер адам және әйелмен жанжалдасып, оларға балта аала жүгірген. Жәбірленушілер алынған жарақаттан оқиға орнында мерт болған.
Қылмысты жасады деген күдікпен 1972 жылы туылған ер адам қолға түсті. Қазір оған айып тағылып, қамаққа алу түрінде бұлтартпау шаралары қабылданды.