Ер адам жолаушылар кемесін айдап әкетті
03:53, 29 Шілде 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Егорий» теплоходының моторшысы мас күйінде Мәскеу өзенінде кемені айдап әкеткен де жолай өзге кемеге соқтығысқан.
"2017 жылы 27 шілдеде 1987 жылғы ер адам, Ярослав облысының тумасы мас күйінде 60 адамдық «Егорий» жолаушылар теплоходын айдап әкеткен.
Бұдан кейін су көлігімен Кленовый желекжолындағы айлақта тұрған "Сильвер" кемесімен соқтығысқан», - делінген РФ ТК мәскеулік тергеу басқармасының хабарламасында.
Апат салдарынан көлік барымташысының өзі ғана жараланған. Мұрны бұзылған оны ауруханаға жатқызды. Қазіргі уақытта істің мән-жайы тексерілуде, қылмыстық іс қозғалды.