С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің түлегі Айым Амангелді ер адамдардың репродуктивті денсаулығын бақылауға арналған «Әке» мобильді қосымшасын таныстырды.
Жоба ер адамдардың репродуктивті денсаулығына қатысты ақпараттың қолжетімділігін арттыруға және өз денсаулығын жүйелі түрде бақылауына мүмкіндік беруге бағытталған.
Қосымша пайдаланушының бастапқы денсаулық жағдайын бағалауға арналған сауалнаманы, медициналық хаттамалар мен әдебиеттер негізінде сұрақтарға жауап беретін жасанды интеллект чат-ботын қамтиды. Сонымен қатар пайдаланушылар күнделікті денсаулық көрсеткіштерін тіркеп, ағзадағы өзгерістерді бақылап, жеті және отыз күндік кезеңдер бойынша аналитикалық мәліметтер ала алады.
Жобаның негізгі мақсаты – ер адамдардың дәрігерге қаралуына кедергі келтіретін факторларды азайту, репродуктивті денсаулық туралы хабардарлығын арттыру және денсаулығына жауапкершілікпен қарауға ынталандыру.
Қазақстандықтар 2,3 млн тауарды мобильді қосымша арқылы тексергенін жазған едік.