Ер адамды құрбысынан қызғанған теміртаулық әйел екеуін де пышақтады

None
АСТАНА. 6 тамыз. ҚазАқпарат -  Ер адамды құрбысынан қызғанған Теміртау тұрғыны оған пышақ салды,  деп хабарлайды Қарағанды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Араққа сылқия тойған Теміртау тұрғыны қолына пышақ алып, достарына қарай жүгірді. Оқиға жексенбі, 5 тамыз күні орын алды. Шамамен сағат 07:00-де орталық ауруханаға пышақ жарақаттарын алған 44 жастағы ер адам мен бір әйел жеткізілді.

Жәбірленушілерді сұрау кезінде оларға пышақты алкогольдік ішімдіктерді ішу кезінде 44 жастағы құрбысы салғаны анықталды. 

Ұсталған әйелге қатысты ҚР ҚК 103-бабы, 1-бөлімімен (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.