Бұл туралы Мәскеудегі ІІМ МБ баспасөз қызметінен хабарлады.
"ЖПҚ қызметкерінің киімін киген белгісіз біреу Волочаевский көшесіндегі 6-үйдің маңында шетелдік маркалы көлікті тоқтатып, одан жүксалғышын ашуды сұраған. Тап сол уақытта көлікке үш ер адам жетіп келіп, жүргізушіні тепкінің астына алып, қомақты ақша салынған сөмкені ұрлап кеткен", - деді полиция.
Қарақшылар өздерін тосып тұрған көлікке мініп бой тасалаған. Мәскеуде оларды іздестіру шаралары жүргізілуде.
Өз кезегінде, қаланың құқық қорғау органдарындағы дереккөз жәбірленушінің 200 мың доллары қолды болғандығын мәлім етті.