Ер адамға мінсіз болу үшін не қажет?

АСТАНА. 31 қазан. ҚазАқпарат - Сәнді және мінсіз болу үшін ер адамға не қажет? Америка дизайнері Том Форд ер адамдардың ойдағыдай бейнесін қалыптастырады деген 15 тармақтан тұратын тізімді құрастырды, деп жазады segodnya.ua.

Gucci сән үйінде жұмыс істеп жүріп, кеңінен танымал болған Форд ер адамның әрқашан мінсіз көрінуі үшін қандай қасиеттері болуы тиіс екенін басқалардан артық біледі. Сондай-ақ, дизайнер шоу-бизнестің өте жарқын және сәнді өкілдерінің киімдерін тігетінін атап айтқан жөн.

Сонымен, Том Фордтың «джентльмендік жиынтық» түсінігіне келесілер енеді:
- Әзіл-оспақты түсіне білу;
- Өзекті жаңалықтарды білу (күн сайын газет оқыңыз!);
- Тұрақты түрде сүйікті спорт түрімен айналысу;
- Кішкентай қысқыш;
- Жақсы иіс су;
- Сапалы қара түсті костюм;
- Екі классикалық қара аяқ киім;
- Блейзер;
- Мінсіз қара түсті қос джинсы;
- Көптеген ақ түсті мақта-матадан жасалған жейде;
- Әрқашан жаңа шұлық және іш киім;
- Классикалық смокинг;
- Металдан жасалған сағат;
- Күннен қорғайтын көзілдірік;
- Күлімсіреу.