Ер адаммен Ғаламтор арқылы танысу салдары жас қыз үшін тым ауыр болды - Астана ІІД

АСТАНА. 12 қаңтар. ҚазАқпарат - Ер адаммен Ғаламтор арқылы танысу салдары жас қыз үшін тым ауыр болды, деп хабарлайды Астана қаласы ІІД-нің баспасөз қызметі.

Елорданың ішкі істер департаментіне зорлау туралы арызбен жас қыз келді. Әлеуметтік желіде жас жігітпен танысып, бір-бірімен хат алмасып отырған, кейін әңгімелесуші тарапынан қызға кездесу туралы ұсыныс жасалды.

Басына қауіп төнетінін сезбеген қыз кездесуге барды. Онда бірден көзге түскені: хат жолдаған жас адам болып шықпады. Ол өзінің сауалнамасына жазған жасынан 15 жасқа үлкен болды. Сәлемдесуден бұрын ер адам қызға тиісе бастады. Қыз тарапынан қарсылыққа тап болған ол көліктегі есіктерді жауып, оны зорлаған.

Қазіргі кезде Астана қаласы ІІД-нің тергеу бойынша басқармасының қызметкерлері зорлық жасаған адамды қолға түсірді. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 120 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде.