Эр-Рияд «Мұсылман бауырларды» террористер деп жариялады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясы «Мұсылман бауырлар» исламистік қозғалысын террористік ұйым деп жариялады, деп хабарлады Би-Би-Си.

Елдің Ішкі істер министрлігінің мәлімдемеуінше, Сириядағы көтерілісшілер жағында айқасып жатқан тағы екі жихад тобы бар. Олар: "Фронт Нурса" және "Ирак пен Леванттың ислам мемлекеті". Бұлар да лаңкес деп жарияланды.

Өткен жылдың желтоқсанында «Мұсылман бауырлар» Мысырда террорлық ұйым болып танылған. Сауд Арабиясы "Мұсылман бауырлар" қозғалысына әлдеқашан тыйым салып қойған. Бұған дейін осы аптада Сауд Арабиясы БАӘ және Бахрейнмен бірге Катардағы өз елшілерін кері қайтарып алған болатын.

Бұл әмірлік «Мұсылман бауырлар» қозғалысын қолдады деп айыпталуда.