Әл-Арабия телеарнасының хабарлауынша, сауд ханзадасы мұндай өсиетті қайтыс боларынан бірнеше жыл бұрын - Эр-Риядта трансплантология проблемаларына арналған халықаралық форум өткізу кезінде жасаған.
Ханзада Саттам - Сауд Арабиясының негізін қалаған король Абдель Азиз Әл-Саудтың ұлы және қазіргі билеуші монарх Абдалланың бауыры - бейсенбі күні 73 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Бұл соңғы екі жылдың ішінде корольдіктің негізін қалаушының қайтыс болған үшінші ұлы. 2011 және 2012 жылдары Сауд Арабиясы екі мұрагер ханзадамен - Сұлтан бен Абдель Азиз әл-Сауд пен Наиф бен Абдель Азиз әл-Саудты ақтық сапарға шығарып салған болатын.